Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы

Қазақстан
кәсіпқой футбол лигасы

Новости

Версия для печати
Алексей Мулдаров: «Смақовтай болу қайда?!»

Алексей Мулдаров: «Смақовтай болу қайда?!»

20Сәуір22:42

Түзде "Астана" футбол клубын жеңгеннен кейін "Ақтөбе" командасының қорғаушысы Алексей Мулдаровпен әңгімелескенбіз. Жеңістен кейін көңілі көтеріңкі болған Алексей бізге аталмыш кездесу туралы ғана емес, басқа мәселелер жайлы да кеңінен әңгімелеп берді.

- Біріншіліктің көшбасшыларының бірімен кездестік. Сондықтан, ойынның өте ауыр болғанын аңғару қиын емес болар. Әсіресе алғашқы жиырма минуттықта қатты қиналдық. Артынан алаңға бейімделіп, жинақылық танытып, ақыры жеңісті жұлып алдық.
 
- Бүгін қақпаларыңыздың бағанасынан бір емес, бірнеше рет доп кері серпіліп жатты. Сәттілік сіздерге жолдас болды деп ойлайсыз ба?
- Өмір алма кезек қой. Бұған дейін біз керемет ойнағанымызбен үш рет тең түсіп қалдық. Әйтеуір, соңғы сәттерде бірнәрсе жетпей жатты. Есесіне бүгін сәттілік біздің жақта болды.
 
- Кездесуді сырттай тамашалаған біз үшін "Ақтөбе" екінші нөмірде ойнап жатқандай болып көрінді...
- Жо-жоқ, біз әрдайым брінші нөмірде ойнаймыз. Дегенмен, бүгін команда сапында Александр Гейнрих болған жоқ. Ол біздің негізгі шабуылшымыз. Сондай-ақ, Кападзе мен Ковальчуктың да жаттығуды бастағандарына нәбәрі екі-ақ күн болды. Бәлкім, осыдан кейін шығар, шабуылымыз онша мардымады.
 
- Алексей, бұған дейін Ресей премьер-лигасында өнер көрсеткеніңізді білеміз. Екі елдің біріншілігін салыстыра аласыз ба?
- Меніңше, айырмасы шамалы. "Астана", "Ақтөбе" және "Шахтер" сынды командалар Ресей біріншілігінде де лайықты өнер көресете алады деп ойлаймын
 
- Премьер-лигасында ма?
- Иә.
 
- Ал команданың бас бапкері жайлы не айтасыз?
- Никитенко керемет бапкер. Адамды жақсы түсінетін психолог. Маған ол кісімен бірге жұмыс істеген ұнайды.
 
- Сіз негізі "Ақтөбеге" Смақовтың орнына келдіңіз. Сондықтан, екеуңізді жиі салыстыратыны жасырын емес. Қалай ойлайсыз, Саматтың орнын толыққанды баса алдым деп ойлайсыз ба?
- Жоқ. Смақовқа жету қайда? Оған жету үшін маған әлі де өсе түсу керек. Ал Самат — Қазақстан футболының аңызы. Сондықтан, Саматпен салыстырып жатса, онда менің де нашар футболшы болмағаным.
 
- Қалай ойлайсыз, биыл чемпиондық жолында "Ақтөбеге" қай командалар бәсекелес болуы мүмкін?
- Өзіміз. Өйткені, бас бапкердің тапсырмасын мүлтіксіз орындасақ, бізге ешкім де кедергі бола алмайды. Әр ойында барымызды салып, қателіктерге жол бермеуіміз керек.
 
- Қазақстан Премьер-лигасында қай шабуылшыға қарсы ойнаған қиын екен? 
- Ұлықбек Бақаевқа қарсы тұру қиын. Жақсы мағанада айтқанда ол өте жағымсыз, жексұрын шабуылшы.
 
- Футболшы ретіндегі қазіргі арманыңыз не?
- Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алу.
 
Сәкен Спанов, Арнайы КФЛ сайты үшін


Күнкесте

ДССССРБСЖМСБЖС
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  




Популярное



Дауыс беру

Премьер-лиганың қай клубы маусымаралық үзілісте сапалы селекциялық жұмысын жүргізді?
   Сауалнамалар мұрағаты