Сәуірдің 2-сі күні Қазақстан футбол федерациясының Астанадағы кеңсесінде ел кубогының бірінші кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтіп, командалар қарсыластарын білді.
Ел кубогының бірінші кезеңіне 22 команда қатысып, 11 жұпты құрайды. Ал өткен жылы жартылай финалға жеткен «Шахтер», «Тараз», «Ертіс», «Астана» және 2013 жылы Премьер-лигада жоғары орыннан көрінген «Астана» бірінші кезеңнен босатылды. Олар доданы бірден 1/8-финалдан бастайды.
Қазақстан кубогының Регламентіне сәйкес, Премьер-лига клубтары бірінші кезеңде Бірінші лиганың командаларымен түзде ойнайды. Яғни, бірінші кезеңде Премьер-лиганың жеті клубы Бірінші лиганың ұжымдарымен кездессе, қалған 4 жұпты Бірінші лиганың командалары құрайды.
Бірінші кезеңнің жеңімпаздары бір ойынның қорытындысы бойынша анықталады.
Ойындар 23 сәуірде өтеді. Алаң иелері бірінші болып жазылған:
«Жетісу-Сұңқар» - «Қайсар»
«Болат»-АМТ – «Атырау»
«Гефест» - «Жетісу»
«Екібастұз» - «Ордабасы»
«Бәйтерек» - «Тобыл»
«Лашын» - «Спартак»
«Оқжетпес» - «Қайрат»
«Астана»-1964 – «Мақтаарал»
«Каспий» - «Восток»
ЦСКА – «Қызыл-Жар» СК
«Қыран» - «Ақжайық»
19:4228 Сәуір, 2011 Уважаемые любители футбола!
02:4406 Наурыз, 2011 Екі ойын басқа қалаға ауыстырылды
13:3611 Сәуір, 2011 Бірінші лига-2011 күнтізбесі