Бүгін Қазақстан футболы орны толмас қайғыға душар болды. "Атырау" футбол клубының жас, дарынды ойыншысы Мақсат Отарбаев өмірден өтті.
Ол небәрі 20 жаста еді. Кәсіпқой футболға енді ғана аяқ басып жатқан. Өте дарынды, болашағынан мол үміт күттіретін футболшы болатын. Асқақ армандарының жолында еш аянған жоқ. Алдына жоғары мақсаттар қоя білді. Бірақ... Сұм ажал Мақсатты арамыздан тым ерте алып кете барды. Мақсат Отарбаев жол апатынан қайтыс болды.
Кәсіпқой футбол лигасы марқұмның жақындарының, туыс, бауырларының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Біз де сіздермен бірге қайғы жұтып қалдық…
19:4228 Сәуір, 2011 Уважаемые любители футбола!
02:4406 Наурыз, 2011 Екі ойын басқа қалаға ауыстырылды
13:3611 Сәуір, 2011 Бірінші лига-2011 күнтізбесі