Бүгін Алматыда футболдан Қазақстан кубогының ширек финалдық жеребесі тартылып, командалар қарсыластарын білді.
Жеребе тарту рәсімін қалалық №2 СДЮШОР мектебі әйелдер футболы бөлімінің жаттықтырушысы Оксана Щуренко жүргізді. Айта кетейік, ширек финалдық текетірестің жеңімпаздары бір ойынның қорытындысы бойынша анықталуы тиіс. Кездесулер 19 маусымда өтеді. Қай команда бірінші тұр, ойынды солар қабылдайды.
Ширек финалдың қарсыластары
«Тараз» - «Ақжайық» (Орал)
«Ертіс» (Павлодар) - «Тобыл» (Қостанай)
«Астана» - «Шахтер» (Қарағанды)
«Ақтөбе» - «Ордабасы» (Шымкент)
19:4228 Сәуір, 2011 Уважаемые любители футбола!
02:4406 Наурыз, 2011 Екі ойын басқа қалаға ауыстырылды
13:3611 Сәуір, 2011 Бірінші лига-2011 күнтізбесі