Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Астанадағы кеңсесінде Қазақстан кубогы 1/8-финалының жеребесі тартылды. Айта кетейік, бұл кезеңде жеңімпаз бір ғана ойынның нәтижесінде анықталады.
Ел кубогына биыл барлығы 32 команда қатысқан. Яғни, премьер-лиганың 12, бірінші лиганың 20 ұжымы жүлде жолына түскен болатын. Алайда бірінші кезеңнен кейін премьер-лиганың екі клубы кубокқа таласын аяқтауға мәжбүр болды. Сөйтіп, екінші кезеңде премьер-лиганың 10, бірінші лиганың 6 клубы қалды.
Бүгін 1/8-финалдық кездесулердің жеребесі тартылды. Ойындар мамырдың 1-і күніне жоспарланған. Айтпақшы, кездесулер бірінші тұрған командалардың алаңдарында өтеді.
1/8-финал
1 мамыр
«Ордабасы» (Шымкент) — «Каспий» (Ақтау)
«Сұңқар» (Қаскелең) — «Ақжайық» (Орал)
«Ертіс» (Кереку) — «Қайсар» (Қызылорда)
«Тараз» — «Болат» АМТ (Теміртау)
«Шахтер» (Қарағанды) — «Қайрат» (Алматы)
«Тобыл» (Қостанай) — ЦСКА (Алматы)
«Астана» — «Восток» (Өскемен)
«Қыран» (Шымкент) — «Ақтөбе».
19:4228 Сәуір, 2011 Уважаемые любители футбола!
02:4406 Наурыз, 2011 Екі ойын басқа қалаға ауыстырылды
13:3611 Сәуір, 2011 Бірінші лига-2011 күнтізбесі