Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Марк Гурман Алматының "Қайратымен" үш жылдық келісімшартқа отырды.
— Алдағы үш жылды өзім өсіп өнген командада өткізетініме қуаныштымын. Шамасы, Вайсс мырзаға менің ұлттық құрама сапында өткізген соңғы ойыным ұнап қалса керек. Сондай-ақ, "Қайраттың" жиындарында да жаман ойнаған жоқпын. Сондықтан шығар, клуб басшылығына менімен бірден үш жылдық келісімшартқа отыруға ұсыныс жасапты. Әлбетте, Түркиядан оралған кезде маған басқа командалардан да ұсыныстар түскен. Бірақ мен "Қайратты" қаладым. Өйткені, клубтың өткен жылғы тынысы ұнаған. Биыл команда одан сайын күшейіп жатыр. Жақын болашақта ел біріншілігінде жоғарғы орындарға таласатын шығармыз, - деп ағынан жарылды Марк Гурман.
19:4228 Сәуір, 2011 Уважаемые любители футбола!
02:4406 Наурыз, 2011 Екі ойын басқа қалаға ауыстырылды
13:3611 Сәуір, 2011 Бірінші лига-2011 күнтізбесі