Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы

Қазақстан
кәсіпқой футбол лигасы

Новости

Версия для печати

"Ордабасы" — Суперкубок иегері

06Наурыз23:56

"Ордабасы" капитаны Қайрат Әшірбековке Суперкубок жүлдесін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі табыстады.  Мұндай мәртебеге ие болу үшін шымкенттіктерге тартысты өткен текетіресте өткен маусымның чемпионы Қарағандының "Шахтерін" жеңу керек болды.
 

Төрт айдың ішінде екінші кубогіне қол жеткізген "Ордабасы" өздерінің жеңісті жолдарын жалғастырды. Матч тағдырын команда капитаны Қайрат Әшірбеков шешшті.
«Шахтер» шабуылшылары белсенділігімен көзге түсе алмады. Нәтижесінде, шымкенттіктердің қақпасының маңында 90 минутта тек 2-3-ақ қауіпті сәт туды. Ал "Ордабасының" шабуылдары әлдеқайда қауіптірек еді, әсіресе қарымта шабуылдары керемет ұйымдастырылып жатты. Бұл шабуылдардың сонар басында Қайрат Әшірбеков тұрды. Сондай-ақ, Тәжімбетов пен Арури де белсенділік танытты. Қарағандылықтардың басты "қаруы" — айып доптары екенін ескерген шымкенттіктер өз алаңдарында ойын ережесін мүлдем бұзбауға тырысты. 
Матчтан кейін футболшыларға медальдарды ҚФФ вице-президенті Сейілда Байшақов табыстаса, "Ордабасы" капитаны Қайрат Әшірбеков суперкубокті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қолынан алды.


Шахтер - Ордабасы 0:1 (0:0)
Гол:
Әшірбеков, 58.
Ескертулер: Парываев, 54. Василевич, 60. Каньяс, 84 — Арури, 53. Трайкович, 86.
«Шахтер»: Мокин, Киров, Василевич, Джидич, Парываев, Вичюс, Көкеев, Боровский (Лунин 64), Байжанов (Каньяс 69), Хижниченко (Досманбетов 81), Финонченко
«Ордабасы»: Бекбаев, Б. Қожабаев, Мвесигва, Ырысметов, Трайкович, Арури, Карпович, Әшірбеков, Касьянов, Пахолюк (Гуйе 81), Тәжімбетов (Бейсенов 90).
Төрешілер: Руслан Дузмамбетов (Өскемен), Андрей Попов, Рустам Сүйінов (екеуі де - Павлодар)
6 наурыз. Астана. "Астана Арена". 12 000 көрермен

 

 

Станислав Филипповтің суреттері

 



Күнкесте

ДССССРБСЖМСБЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031   




Популярное



Дауыс беру

Как сказался выход в групповой турнир Лиги Европы УЕФА карагандинского "Шахтера" на имидже казахстанского футбола в Европе?
   Сауалнамалар мұрағаты