Ордабасы – Актобе 1:3 (0:0)
Голы: Пиззелли 61 (0:1), Хайруллин 67 (0:2), Коробкин 78 (0:3), Аширбеков 87 (1:3)
Предупреждения: Касьянов 14, Фрейре 36, Мвесигва 85 – Сантана 31, Тагыберген 42, Аймбетов 83, Антонов 88, Мирошниченко 90+1
Ордабасы: Отарбаев, Мвесигва, Кудела (Манекеев 80), Фрейре, Суюмбаев (Адырбеков 70), Тунгышбаев, Диакате, Бейсенов, Аширбеков (к), Касьянов, Тажимбетов
Резерв: Дуйсен, Кожабаев, Фильчаков, П.Алиев
Актобе: Сидельников, Мулдаров (Кападзе 7), Царикаев, Мирошниченко, Пиззелли (Жалмукан 82), Хайруллин (к), Тагыберген, Коробкин, Логвиненко, Сантана (Аймбетов 72), Антонов
Резерв: Бекбаев, Шабалин, Левин, Зенькович
Судьи: Алиев (Алматы), Советханулы (Семей), Попов (Астана)
9 ноября. Шымкент. Стадион им.Кажымукана. 2 000 зрителей
Шымкенттің «Ордабасы» командасы бүгінгі кездесуге асқақ көңілмен шықты. Чемпионатта 4 –орын және Европа лигасына жолдама жеңіп алған алаң иелері бірден шабуылға бет алды. Ойынның 7-минутында Абдула Диакатенің есеп ашар мол мүмкіндігі болды. Оның үш метрдей жерден тепкен добын А.Сидельников сыртқа қайырып үлгерді.Дегенмен екі команда да бірінші таймды аса сақтықпен өткізді. Ал екінші кезең басқа қойылыммен өтті.61- минутта «Ақтөбе» сапындағы Сантана сол қанаттан өткір шабуыл бастады.Оның айып алаңына әуелете тастаған добы жеке дара тұрған Пиззелидің басынан табылды.Мұндай сәтті бос шебермейтін мерген мүлт кетпей есеп ашты. Есеп 0-1
Арада бес минут уақыт өтпей В. Газзаев шәкірттері екінші рет қақпа торын тулатты. «Актөбе» құрамында М. Хайруллин екінші доптын авторы атанды. Антонов сол қанаттан шабуылды бастаған болатын оның айып алаңында тұрған ,Тағыбергенге шығарған пасы көз ілеспес жылдамдықпен жеке шыққан Хайруллинның алдында турды. Өз кезегінде Хайруллин жойқын соққымен қақпашыны қапы.Есеп 0-2
Бұл есепке қанағат қылмаған қонақтар 78-минутта үшінші голға қол жеткізді. Бұрыштама берілген допты айып алаңының ішінде тұрған В.Коробкин аяқпен теуіп салды. Есеп 0-3
87-минутта Жеңіске деген құштарлығын жоғалтпаған «Ордабасы» командасының капитаны Қайрат Аширбеков стандартты айып соққысын шебер орындап есепті 1-3 қысқартты.
Арада тағы бір минут өткенде Қайрат Аширбеков әуедегі допты шалқалай теуіп тағы бір тамаша доп салды. Алайда төреші ойын ережесінің бұзылғанын айтып голды санамады.
Соңғы минутта Артем Касьяновтың бұрыштан берілген добын Фрейра екі метрдей жерден торға дәл түсіре алмады. Осылайша қонақтар маңызды деген үш ұпайға ие болып ел чемпионатындағы күміс медальға ие болды.
Ойын соңынан болған баспасөз мәслихатында «Ақтөбенің» бас бапкері В.Газзаев бүгінгі кездесудің аса тартыспен өткенін,жеңістің асқан қиыншылықпен келгендігін атап өтті.
«Ордабасы» командасының бас бапкері Саулюс Ширмялис; «Биылғы чемпионат «Ордабасы» командасы үшін алтыбақан сынды аумалы-төкпелі жағдайда өтті.Маусым бойында мықты деген сегіз футболшы түрлі себептерге,жарақаттарға байланысты соңына дейінгі матчтарға қатыса алмады.Сондықтанда жергілікті футболшылардың шеберлігіне иек арттық.Соның да негізінде чемпионатты төртінші орынмен аяқтап, Европа лигасына жолдама алып отырмыз.Енді не боларын уақыттың еншісіне қалдыралық»- деді.
Жанкүйерлер мен журналистер команданы лайықты орыннан көрсете білген бас бапкердің осы еңбегіне орай оған алғыс сезімдерін білдірісіп тарқасты.Саулюс мырза келер жылы команданың басында қалу-қалмауым келісім –шарт аяқталғаннан кейін ғана белгілі болатынын да айтып қалды.
Ілияс Жолдас
«Ордабасы» ФК пресс-атташесі
Фото.Малик Искаков